Жүргізілген зерттеу нәтижелері оқу-далалық практиканың биология мамандарын даярлаудағы стратегиялық маңызын айқын көрсетеді. Табиғи ортада ұйымдастырылған оқу-зерттеу әрекеті білімгердің кәсіби құзыреттерін қалыптастырудың ең тиімді жолдарының бірі екендігі дәлелденді. Бұл практика барысында білімгер тек білім алушы емес, дербес зерттеуші ретінде қалыптасып, биологиялық нысандармен ғылыми негізде жұмыс істеу қабілетін меңгереді.
Зерттеу барысында оқу-далалық практиканы ұйымдастырудың құрылымдық-әдістемелік моделі ұсынылып, оның негізгі компоненттері анықталды. Атап айтқанда, биологиялық нысандарды көпдеңгейлі зерттеу, деректерді тіркеу мен өңдеу әдістері, сондай-ақ практикалық жұмыстардың ғылыми өнімдері арқылы кәсіби даярлықты бағалау жүйесі негізделді. Бұл модель теориялық білім мен практикалық әрекетті тиімді кіріктіруге мүмкіндік береді.
Практикалық жұмыстың ғылыми өнімдері білімгердің кәсіби құзыреттерін объективті бағалаудың негізгі құралы ретінде қарастырылды. Фенологиялық диаграмма, морфологиялық кесте, анатомиялық сипаттама және фитоценоз картасы білімгердің зерттеушілік, аналитикалық және рефлексивтік дағдыларын кешенді түрде көрсететін маңызды көрсеткіштер болып табылады. Бұл өнімдер арқылы білімгердің тек нәтижесі ғана емес, оның ғылыми ойлау логикасы, талдау қабілеті және кәсіби позициясы бағаланады.
Сонымен қатар, зерттеу барысында критериалды бағалау жүйесінің артықшылықтары дәлелденді. Бұл жүйе бағалаудың объективтілігін, өлшенетіндігін және ғылыми негізділігін қамтамасыз етеді. Білімгердің әрекеті нақты көрсеткіштер мен критерийлер арқылы бағаланып, оның кәсіби дамуының динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, оқу-далалық практика білімгердің:
қалыптастыратын кешенді педагогикалық жүйе болып табылады. Осылайша, ұсынылған әдістемелік шешімдер биологиялық білім берудің сапасын арттыруға, кәсіби даярлықты жетілдіруге және болашақ биолог мамандардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған маңызды ғылыми-практикалық негіз болып табылады.