Оқулық туралы

ӘОЖ 582.007; 57.02:378.147

ББК 42.3

Исаев Ғ.И., Нұғман Р.М., Әзімбай А.И., Балтабай Е.Н.

Далалық биологиялық зерттеу негіздері: Электронды оқу құралы / Исаев Ғ.И., Нұғман Р.М., Әзімбай А.И., Балтабай Е.Н. – Түркістан, 2026.

Аңдатпа

Бұл электронды оқу құралы биология мамандығы білімгерлерінің оқу-далалық практика жағдайында кәсіби құзыреттерін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін кешенді түрде қарастыруға арналған. Еңбекте табиғи ортада жүргізілетін зерттеу жұмыстарының теориялық алғышарттары, әдіснамалық тұғырлары және практикалық ұйымдастыру ерекшеліктері жүйелі түрде сипатталады. Биологиялық нысандарды көпдеңгейлі зерттеу (морфологиялық, анатомиялық, фенологиялық және экожүйелік) әдістері, далалық деректерді тіркеу мен өңдеу алгоритмдері, сондай-ақ ғылыми өнімдер арқылы нәтижелерді интерпретациялау жолдары ұсынылған.

Сонымен қатар, білімгердің кәсіби даярлығын бағалаудың критериалды жүйесі негізделіп, кәсіби құзыреттерді анықтаудың нақты көрсеткіштері берілген. Оқу құралында фенологиялық диаграмма, морфологиялық кесте, анатомиялық сипаттама және фитоценоз картасы сияқты практикалық жұмыстардың ғылыми өнімдері талданады.

Ұсынылған материалдар биологиялық білім беруді тәжірибеге бағдарлау, зерттеушілік дағдыларды дамыту және кәсіби әрекетті ғылыми негізде ұйымдастыру мақсатында жоғары оқу орындарының оқытушыларына, білімгерлерге және зерттеушілерге арналған.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті

© 2026